Болашақта Балқаш тартылып, Аралдағы жағдай қайталануы мүмкін - ғалым
Алматыда Қазақстан мен Орталық Азия елдері үшін ең өзекті тақырып саналатын "Трансшекаралық су ресурстарын басқару" атты баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Климаттың өзгеруі кезінде Орталық Азия елдеріндегі су ресурстарын тиімді басқару маңызды мәселеге айналды.
Су мәселесі сезіліп жатыр. Еліміздің ауылшаруашылық аймақтарында, оңтүстік өңірлерде және Астана қаласында су тапшылығы сезіліп жатыр. Тұрғын санының артуы су тапшылығына әкелді. Шаруалардың суды тиімсіз пайдалануы кәсіптеріне кедергі келтірді.
Сондай-ақ көршілес елдерден келетін су маусымдық кезеңдерде тапшы болып жатыр. Осы ретте көршілес мемлекеттермен суды пайдалану жолдары талқыланды. Шаруашылыққа кері әсерін тигізбеу жолдары сөз болды.
Алдағы уақытта Іле өзенінің тарылмау мақсатында жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Себебі Іленің суы Қапшағай мен Балқаш көліне құяды. Егер суды тиімді пайдалануды қолға алмасақ, Балқаш тартылып, Аралдағы жағдай қайталануы мүмкін, - дейді География ғылымдарының докторы Кауазов Азамат.
Солтүстік Қазақстан облыстарында тұратын 12 мыңнан астам адам ауыл шаруашылығында су ресурстарын басқарудың кешенді тәсілімен таныс болмақ.
Қазақстандағы Есіл өзені бассейніндегі cу айрықтарды біріктірілген басқару жобасы Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын қамтиды. Есіл су айрықтарындағы өзен бассейнінде орналасқан ауылшаруашылық және жайылымдық жерлердің жағдайы жақсартады. Осы облыстарда тұратын 12 мыңнан астам адам су ресурстарын басқарудың кешенді тәсілін енгізуден тікелей пайда көреді. Ал 53 мыңнан астам адам жоба нәтижесінің оң әсерін сезінеді. Сонымен қатар Есіл өзені бассейнінің су ресурстарын сақтау және орнықты пайдалану жөніндегі трансшекаралық диагностикалық талдау және стратегиялық іс-әрекет жоспары әзірленетін болады, - дейді Оратылық Азияның экология орталығының атқарушы директоры Зафар Махмудов.