Болашақ қаласы: Алматы қалай дамиды?

Алматыда АрхиХабтың-тың бесінші кездесуі өтті. Мұндай жиын Алматыда алғаш рет ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шараға сәулетшілер, урбанистер, көлік саласының сарапшылары мен қала тұрғындары жиналып, қаланың болашағын орнықты даму, экология және сыртқы келбет тұрғысынан талқылады.

Кездесудің ұйымдастырушысы дәстүрлі түрде Қалалық орта тұрақтылығы орталығы болды. Жобаның географиясын кеңейте отырып, команда айқын келбеті және өзгерістерге ашық әлеуеті бар қала — Алматы тұрғындарын ашық диалогқа шақырды.

Кездесудің маңызды тақырыптарының бірі — Алматының полицентрлік дамуы болды.

Қала дамуының полицентрлік моделі Алматының іскерлік және тарихи орталықтарын босатып қана қоймай, сонымен қатар шеткі аудандардың жергілікті тұрғындар үшін барлық қажетті әлеуметтік инфрақұрылымды, жаңа қоғамдық кеңістіктерді, жеткілікті жұмыс орындарынның пайда болуына негіз болады, - деп айтты Асхат Садуов.

Астана тәжірибесін бөліскен Елнар Базыкен кешенді көзқарас идеясын жалғастырды.

Біздің міндетіміз — қаланы тірі ағза ретінде қабылдау. Бүгінде Астананың дамуы үш негізгі қағидаға негізделеді. Біріншісі — адамға бағытталу: біз жаяу жүргіншілерге ыңғайлы орта құрамыз. Екіншісі — тұрақтылық: жасыл инфрақұрылымды күшейтеміз, ірі ағаштар отырғызамыз, QR-кодтары мен ылғалдылық датчиктері бар цифрлық есеп жүйесін енгіземіз. Үшіншісі — эстетика мен бірегейлік: көше жарығы, шағын сәулеттік формалар мен қалалық навигация үшін бірыңғай стандарттар дайындап, жүзеге асырамыз. Бұл — елорданың үйлесімді әрі танымал келбетін жасау жолы, - деді ол.

Кездесу спикерлердің қатысуымен өткен ашық пікірталас пен бейресми нетворкингпен аяқталып, пікір алмасуға және кәсіби байланыстарды нығайтуға тамаша мүмкіндік болды.

Archihub — сәулетшілерге, урбанистерге және орнықты даму саласының мамандарына арналған тәуелсіз кәсіби платформа. Оның миссиясы — Қазақстан қалаларында нақты шешімдер мен оң өзгерістерге жол ашатын идеялар мен адамдарды біріктіру.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: АрхиХаб
Өзгелердің жаңалығы