"Болашақ" бағдарламасының талаптары өзгерді
"Болашақ" стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларына өзгерістер енгізу туралы ҚР Үкіметінің қаулысы қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2025 жылғы 17 қаңтарда "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және "Болашақ" халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы" ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы №573 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" ҚР Үкіметінің Қаулысы қабылданды, онда "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу жаңа қағидалары бекітілді, - делінген хабарламада.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеудің жаңа қағидаларында сұрыптау тетікті енгізу арқылы конкурстық іріктеуді жаңарту көзделген. Осылайша, осы жаңашылдыққа сәйкес қажетті балл санын жинамаған үміткерлер келесі турға жіберілмейді.