8 Тамыз 2025 2025, 12:25 Фото: pixabay.com

"Болашақ" бағдарламасының стипендиаттары әлемнің жетекші университеттеріне барады

217 адам "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанды, ал тағы 68 қазақстандық ғалым ғылыми тағылымдамадан өту үшін грант иеленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтіп, 217 адам "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанды. Сондай-ақ, 68 қазақстандық ғалым ғылыми тағылымдамадан өту үшін грант иеленді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

"Болашақ" және "Ғылыми тағылымдамалар" бағдарламалары бойынша стипендиялар тағайындалды. 

Осыған байланысты, жақын арада 217 жаңа "Болашақ" стипендиатының және ғылыми тағылымдамалар берілген 68 ғалымның есімдері жарияланады. 

Олар MIT, Harvard, Imperial College London, UCL, Humboldt-Universitat zu Berlin сияқты әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен орталықтарында оқытудан және ғылыми тағылымдамадан өтеді.