Болашақта 80-ге жуық мамандық жойылып кетуі мүмкін – Нөгербеков
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «G-Global» халықаралық хатшылығының басшысы Серік Нөгербеков III NOBEL FEST барысында айтты.
NOBEL FEST Орталық Азия елдерінде әртүрлі салада еңбек етіп жатқан азаматтарға арналған. Бұл білім және ғылым саласында жұмыс істеп жатқан жастарға бағытталған. Қазақта «сынықтан басқаның бәрі жұғады» деген жақсы сөз бар. Меніңше, осы шараға қатысып отырған әлемнің беткеұстар беделді спикерлерінің кеңесін ғана тыңдамай, негіз қалыптастыруы керек. Себебі қазақстандық жастар тек Қазақстан деңгейінде ғана емес, әлемдік деңгейде жетістікке жетуге тұрарлық деп ойлаймын, - деді Нөгербеков.
Ол осыдан 15-20 жыл өткен соң жастардың ішінен Нобель сыйлығының лауреаттары шығатынынан үмітті екенін айтты.
Сарапшылардың зерттеуінде, жақын арадағы жылдары 80-ге жуық мамандық жойылып кетуі мүмкін. Болашақта жаңа мамандықтар пайда болатыны сөзсіз. Сондықтан әлемдік мамандардың пікірін білген өте маңызды әрі өзекті болып отыр, - деді ол.
Айта кетейік, бірегей онлайн платформа 50 мыңнан астам қатысушыны қамтып отыр, оның 50 спикері Нобель сыйлығының лауреаты.
Халықаралық ғылыми қауымдастық арасындағы пікірталас 4 күн ішінде онлайн және офлайн кеңістікте өтеді. Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстанда үш негізгі хабар тарататын студия бар. Экономика, саясат және ғылым әлеміне бет бұрғандар студенттерге, жас ғалымдарға және ғылымға құштар студенттерге арнап сөз сөйлейді.