Болашағын IT саласымен байланыстырған жастар көп – Мұхит Кемелов

Қалалық Жастар ресурстық орталығында «SHYMKENT IT HUB – МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ» атты форум өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Цифрландыру басқармасы ұйымдастырған іс-шара IT саласын дәріптеу, насихаттау, Shymkent Hub-тың мүмкіндіктерімен таныстыруды мақсат еткен. Өңірлік хаб аясында өз жобаларын дамытып жүрген бірқатар компания басшылары технопарктің әлеуеті туралы баяндап берді. Форумға IT саласының мамандары, оқушылар, студенттер қатысты.

Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов цифрландыру – зор қуатты күш екенін, азаматтарды осы хабқа келіп, өздерін дамытуға мүмкіндіктері бар екенін атап өтті.

Қазіргі таңда өздерінің болашағын IT саласымен байланыстырған жастар көп. Осы форумды өткізудегі негізгі мақсат – IT саласын дәріптеу, одан әрі дамыту, жас мамандарға, ақпараттық технологиялар факультетінде оқып жүрген студенттерге өңірлік хабтың мүмкіндіктерімен, қолдау тетіктерімен таныстыру. Цифрландыру – кеңінен дамып келе жатқан сала. Қазір барлық жүйелер автоматтандыруды талап етеді. Өз мүмкіндіктеріңізді одан әрі дамыту үшін осы хаб ашылып отыр. Коворкинг орталықтарының да сіздер үшін есігі әрдайым ашық, – деді басқарма басшысы.

Жиында Шымкент хабтың өңірлік менеджері Тимур Қозыкеев технопарктің басты мақсаты – IT экожүйесін дамыту екенін, жалпы жаңа жобаның жұмыс бағыттарына тоқталды. Сондай-ақ, IT компаниялардың өкілдері де өздерінің стартап және әлеуетті жобалары жөнінде кеңірек айтып өтті.

Айта кетсек, биыл тамыз айында қалада «Shymkent Hub» ашылған еді. Еліміздегі технологиялық кәсіпкерлікті ілгерілетуді көздейтін сала мамандары үшін орталық үлкен мүмкіндік береді. Жаңа бастама өңірлердегі талантты мамандард

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Шымкент қаласы әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы