Болашақта Италияда оқығым келеді – Ержан Максим
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда өткен баспасөз мәжілісі кезінде жас әнші Игорь Крутойдың музыкалық академиясындағы өмірі мен болашақ жоспарлары туралы айтып берді.
“Игорь Крутойдың мектебі ұнады, бірінші күні сондағы балалармен танысып дос болып кеттік. Маған ұнады, өте керемет мектеп. Ондағы сабақ беретін мұғалімдер де өте білікті мамандар. Одан кейін Мәскеудегі орта білім беру мектебінде 6 сыныпта оқып жатырмын”,- деді ол.Анасының айтуынша ол аптасына екі рет сабаққа барады. Әсіресе вокальдық, актерлік шеберлік және хареография бойынша білім алып жатыр екен.
Ержан Максим Мәскеуде 5 жыл оқитынын, оқуды тамамдаған соң Италияның жетекші музыкалық оқу орындарында білім алғысы келетінін жеткізді.
“Менің дауысым классикалық жанрға жақын болғандықтан Италияға барып оқығым келеді. Өйткені онла менің өте қатты жақсы көретін әншілерім бар. Андреа Бочелли ең сүйікті әншім, сол сияқты әлемдік жұлдыз болғым келеді”,- деді жас әнші.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан мен Моңғолия премьер-министрлері келіссөздер өткізді
Өзгелердің жаңалығы