Бокстан жастар құрамасы Азия чемпионатында 9 алтын иеленді
Бокстан алғаш рет 23 қазан-3 қараша күндері аралығында Астанада өткен жасөспірімдер және жастар арасындағы Азия чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жастар арасындағы 25 салмақ бойынша (13 ұл, 12 қыз) жеңімпаздар анықталды.
Жүлде бойынша топ-3 мемлекет:
- Қазақстан — 9 алтын, 3 күміс, 8 қола
- Өзбекстан — 8 алтын, 8 күміс, 4 қола
- Үндістан — 6 алтын, 8 күміс, 6 қола
Жарыс жеңімпаздары Халықаралық Бокс Федерациясы тарапынан (1-орын — 1000$, 2-орын — 500$, 3-орын — 250$) ақшалай сыйақымен марапатталды.
Жарыс соңында 12 күнге жалғасқан турнирдің ең үздік боксшыларына арнайы номинация берілді: оның ішінде қазақстандық боксшылар Аяжан Сыдық пен Төрехан Сабырхан да (Ең үздік жас ұл боксшы) бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
3 қалада ауа сапасы нашарлайды
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы