27 Қаңтар 2025 2025, 08:35
Фото: olympic.kz
Бокстан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды
Қостанайда бокстан жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты басталды. Жарыс жолына 2011-2012 жылы туған спортшылар шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қостанайда бокстан жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты басталды. Жарыс жолына 2011-2012 жылы туған спортшылар шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ел біріншігілігіне еліміздің 20 өңірінен келген 385 боксшы қатысуда. Жарыс қорытындысы бойынша 2025 жылғы Азия чемпионаты мен Дүниежүзілік гимназиядаға қатысатын Қазақстан құрамасы жасақталады.
Қазақстан чемпионаты 31 қаңтарға дейін жалғасады.