ҰОК мәліметінше, 9 шілденің кешкі сессиясында Ақнұр Тұрсынғали (57 келіге дейін) өз жекпе-жегінде жеңіске жетті. Енді ол ақтық сынға жолдама алу үшін бақ сынайды.
Ал Жасмин Абрамян (60 келіге дейін) және Алтынгүл Аймұхан (75 келіге дейін) жарысты ширек финалдан аяқтады.
Айта кетейік, U19 жас санатында жартылай финалдық бәсекелер 13 шілдеде өтеді.