24 Қараша 2026, 22:59 Фото: ҚР ҰОК

Бокстан Ташкентте өтетін әлем кубогы кезеңі: ұлттық құраманың тізімі жарияланды

Бұл жарыста ел намысын 11 боксшы қорғайды.

Қазақстан бокс құрамасының бапкерлер штабы World Boxing ұйымдастыруымен 28 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Ташкентте (Өзбекстан) өтетін әлем кубогының соңғы кезеңіне қатысатын спортшылардың тізімін бекітті.

ҚР ҰОК мәліметінше, бұл жарыста ел намысын 11 боксшы қорғайды.

Ерлер

- Даниял Сәбит (50 келіге дейін)

- Фарух Тоқтасынов (70 келіге дейін)

- Аман Қонысбеков (75 келіге дейін)

- Диас Молжігітов (80 келіге дейін)

- Сұлтанбек Айбарұлы (85 келіге дейін)

- Дәулет Төлемісов (90 келіге дейін)

Әйелдер

- Карина Ибрагимова (57 келіге дейін)

- Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін)

- Шұғыла Нәлібай (75 келіге дейін)

- Валерия Аксенова (80 келіге дейін)

- Дина Исламбекова (80 келіден жоғары)

Айта кетейік, финалдық жекпе-жектер 3 желтоқсанда өтеді. Әлем кубогының қорытынды кезеңіне 31 елдің боксшылары қатысады.