Бокстан ұлттық құрамаға жаңа капитан сайланды
Астана, baq.kz. Қамшыбек Қоңқабаев – бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа капитаны. Бұл туралы АІВА академиясының базасында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынында белгілі болды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қоңқабаев – аса ауыр салмақта сынға түсетін боксшы. Ол 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.«Команда капитаны деген ат үлкен жауапкершілік жүктейді. Спортшыларға үлгі болып, жол көрсету міндетім деп есептеймін. Жаңа жылдан бастап командаға жас боксшылар қосылды. Құрама біршама жаңарып қалды. Бас бапкеріміз де ауысты. Сол себепті бәріміз бір жұдырықтай жұмылып, Қазақстан намысын абыроймен қорғау үшін бар күшімізді саламыз», - деді Қоңқабаев.
Бұл күндері Қазақстан боксшылары АІВА академиясының базасында жылдың алғашқы жиынын өткізіп жатыр.
Бұған дейін ұлттық құрама капитаны міндетін атқарған Әділбек Ниязымбетов спорттағы мансабын аяқтаған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде 100 млн теңгенің ауыл шаруашылығы жобалары іске асуда
Келесі жаңалық
Шымкентте жеке тұрғын үйде өрт шықты
Өзгелердің жаңалығы