Бокстан Қазақстан ерлер командасы Сербиядағы турнирді сәтті бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сербияның Белград қаласында бокстан халықаралық турнир басталды. Olympic.kz қазақстандық спортшылар нәтижесін ұсынады. 

Қазақстан құрамасының мүшесі Ермахан Жақпеков жарысты жеңіспен бастады. 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен ол кипрлік Андреса Коккиносаны ұтты. Сонымен қатар, келесі айналымға Нұрқанат Рейс те өтті. Ол жергілікті боксшы Рами Киваннан басым түсті.  

69 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңға шыққан Абылайхан Жүсіпов шотландиялық Тайлер Джоллиді ұтып, жарысты келесі айналымда жалғастырады.  

Ертуған Зейнуллинов командаластарының жеңісті жолын жалғастыруда. 63 келіге дейінгі салмақта ол ресейдік Ян Штокаленкодан айласын асырып, келесі кезеңге жолдама алды. Сондай-ақ 81 келіде қазақстандық Нұрбек Оралбай сербиялық Слободан Йовановичты ұтып, келесі айналымда жұдырықтасуға мүмкіндік алды.  

Өкінішке қарай, 57 келіде жұдырықтасқан Серік Теміржанов қарсыласына жол беріп, жарыстан шықты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы