Бокстан халықаралық турнирде қазақстандық он боксшы келесі кезеңге өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшылар жылды Болгариядағы бәсекеден бастады. Онда қазір дәстүрлі «Странджа» турнирі өтіп жатыр, деп жазды Хабар24.

Осымен 73-ші рет тұсауын кескен халықаралық додаға 36 елден 500-ге жуық қатысушы жиналды. Олардың арасында жерлестеріміз де бар. Жарыстың алғашқы күні 15 қазақстандық спортшы шаршы алаңға шықты. Оның 10-ы жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды. Атап айтқанда, жеңіл салмақтағы Махмұт Сабырхан германиялық қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. 

Дәл осылай орта салмақтарда Оразбек Асылқұлов, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Абзал Серік , Дулат Бекбауов және Қуан Қуатов жеңіске жетті. Ауыр салмқатағы Ерасыл Жақпеков , Сағындық Тоғамбай, Абзал Құттыбеков және Нұрлан Сапарбай да жарысты жалғастырады. София қаласындағы турниндің жалпы қорытындысы 29-шы ақпанда белгілі болады. Жас жауынгерлер фестивалі. 

Дәл осындай атаумен елордада мүмкіндігі шектеулі балалардың спорттық сайысы өтті. Оның аясында ерекше күтімді қажет ететін бүлдіршіндер бокс, самбо,күрес және аралас жекпе-жек сияқты бағыттар бойынша  шеберліктерін көрсетті. Арнайы шараға бас-аяғы 70-ке жуық бала қатысты. 

Оларды қолдауға танымал отандық спортшылар келіп, кейін бірлескен шеберлік сағатын өткізді. Спорттық-сауықтыру клубының жетекшісі Садық Баймбетовтың айтуынша,  осындай физикалық жүктемелер арқылы балалардың денсаулығы түзеліп, өмірге деген бейімделісі жақсарған.  Алдағы уақытта орталықтың ауқымын ұлғайтып, еліміздің басқа қалаларында да ашу жоспарланып отыр.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы