Бокстан халықаралық турнирде Қазақстан бірінші жүлдені жеңіп алды

Қазақстандық боксшы Дамир Әбдіқадыр Иштван Бочкай құрметіне Мажарстанда өтіп жатқан бокстан халықаралық турнирдің жартылай финалына өтті,  деп хабарлайды BAQ.KZ Vesti.kz сілтеме жаасап.

51 келіде өнер көрсететін Дамир 1/4 финал кезеңінде әзірбайжандық Хасан Маликовті төрешілердің бірауыздан шыққан шешімімен жеңді. 

Жартылай финалға өткен Дамир кемі қола жүлдеге ілігіп отыр. Бұл осы жарыстағы Қазақстан құрамасы үшін алғашқы жүлде десе болады.  

Бұл турнирге Қазақстан жалпы 13 салмақта боксшы апарды: Теміртас Жүсіпов (48 келі), Дамир Әбдіқадыр (51), Дәулет Молдашев (54), Серік Теміржанов (57), Саматәлі Төлтаев (60), Санатәлі Төлтаев (63,5), Дулат Бекбауов (67), Ермахан Жәкпеков (71), Аятулла Такежанов (75), Нұрбек Оралбай (80), Шаймұрат Құсайынов (86), Айбек Оралбай (92), Дамир Тойбай (92 келіден аса).

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Vesti.kz
Өзгелердің жаңалығы