Бокстан Азия чемпионатына дайындық қалай
Бокстан ерлер ұлттық құрамасы Азия чемпионаты қарсаңындағы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Санаулы күннен кейін ұлттық құрама Тайланда өтетін Азия чемпионатына аттанады. Бәсеке 29 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өтеді.
Боксшылардың дайындығы өз ойым бойынша жақсы деп ойлаймын.Ұлттық құрама Куба, Ресей, Грекия командаларымен оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Бүгін осы командалармен спаринг болады. Осы оқу-жаттығу жиынында қанша боксшы болды, солардың барлығын бөліп тастадық. 4 рингте әр боксшы өз салмақ дәрежесінде сынға түседі. Енді мақсатымыз Азия чемпионатында көбірек алтын алып, командалық есепте 1-орын алу. Екінші не үшінші орын алу деген дұрыс емес. Қазіргі уақытта ең бірінші орында жүрген Олимпиада да, Әлем чемпионатында да Өзбекстан құрамасы. Ең басты қарсыластарымыз сол деп ойлаймын. Басқа да құрамаларды ұмытпау керек. Тайланд, Жапония, Моңғолия, Қытай, Қырғызстан бар. Осал қарсылас болады деп ойламаймын,- дейді бас бапкер Қайрат Сәтжанов.
Ал, 54 келіде сынға түсетін Махмұд Сабырхан дайындықтың қалай өткенін айтып берді.
Дайындығымыз өте керемет. Алматыда 20 күн, Астанада 10 күн дайындалық. Кристофер Камачо физикалық тұрғыдан дайындап жатыр. Өзіміздің бапкерлер және жеке бапкерлеп бар. Барлығымен ақылдасып жаттығу жұмыстары ойдағыдай өтуде,- дейді Ұлттық құрама мүшесі Махмұд Сабырхан.