Бокстан Азия чемпионаты: жастар құрамасы жалпы есепте топ жарды

Қазақстан құрамасы бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында командалық есепте бірінші орын алды. Еліміздің боксшылары 24 медаль еншіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерлер командасында 12 медаль: 5 алтын, 1 күміс және 6 қола медаль. Азия чемпионы атанғандар: 60 келі. Алексей Хаванцев 67 келі. Төрехан Сабырхан 71 келі. Өнер Сейілхан 75 келі. Санжарәлі Бегалиев 80 келі. Мадияр Бексұлтанов.

86 келіде Иманғали Нұрпейіс күміс жүлдегер атанса, қола медаль иегерлері: 51 келі Бексұлтан Боранбек, 54 келі Нұрасыл Төлебек, 57 келі Жансері Көшербаев, 63.5 келі Ахмет Үсен, 92 келі Расул Асанханов, +92 келі Нұркелді Жұматай.

Қыздар арасындағы бәсекеде Қазақстан құрамасы 12 медаль иеленді: 6 алтын, 3 күміс, 3 қола. Чемпиондар: 54 келі. Аяжан Сыдық 57 келі. Аяжан Ермек 60 келі. Толғанай Қасымхан 66 келі. Ұлдана Таубай 75 келі. Шұғыла Нәлібай 81 келі. Аружан Зейноллаева

Екінші орында: 52 келі. Бағжан Отынбай 70 келі. Мария Сидоренко +81 келі. Панар Сейітханқызы. Қола жүлдегерлер: 48 келі Әнел Абдрасилова, 50 келі Элянур Тұрғанова, 63 келі Аружан Жаңабаева.

Жастар арасындағы Азия чемпионатының жалпыкомандалық есебінде Үндістан және Өзбекстан үздік үштікке енді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: olympic.kz
Өзгелердің жаңалығы