3 Желтоқсан 2024 2024, 18:50 Фото: olympic.kz

Бокстан Азия чемпионаты: Махмұд Сабырхан нокаутпен ширек финалға шықты

Бокстан Қазақстан құрамасының спортшысы Махмұд Сабырхан (54 келіге дейін) Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Махмұд турнирдегі алғашқы кездесуін тайбэйлік Ян Лин Лайға қарсы өткізді. Жекпе-жек бір раундқа да созылған жоқ. Сабырхан қарсыласын үш рет нокдаунға жіберіп, төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Осылайша, Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының ширек финалына жолдама алды.