Бокстан Азия чемпионаты: Айбек Оралбай ел қоржынына алтын медаль салды
Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Айбек Оралбай алтын медаль алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Құрлықтық додада 92 келіде сынға түскен Айбек Оралбай финалда өзбекстандық Мадияр Саидрахимовтың осал тұсын тапты. Осылайша, ел құрамасының қоржынына үшінші «алтынды» салды.
Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасынан Санжар Тәшкенбай (48 келі) мен Асланбек Шымбергенов Азия чемпионы болды.
Ал, Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі) күміс медальға ие болды.
Енді шаршы алаңға Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) шығады. Қарсыласы – өзбекстандық Лазизбек Муллажонов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бокстан Азия чемпионаты бойынша Қазақстан қоржынында екі алтын
Келесі жаңалық
Израиль премьер-министрін қамауға алу туралы ордер берілді
Өзгелердің жаңалығы