Бокстан Қазақстан құрамасы халықаралық турнирде көш бастады

Алматы, BAQ.KZ. Сербияның Сомбор қаласында әйелдер боксынан «Ұлттар кубогі» халықаралық турнирі мәресіне жетті. Аталған сында Қазақстан құрамасы 5 алтын медаль жеңіп алды, деп жазады Olympic.kz.

Турнир қорытындысы бойынша, Алуа Балқыбекова (48 келі), Дина Жоламан (54 келі), Римма Волосенко (60 келі) және Ләззат Күнгейбаевалар (+81 келі) чемпион атанды.

51 келідегі финалдық жекпе-жекте әлем чемпионы Назым Қызайбай өзінің отандасы Ангелина Лукасқа есе жіберді.

Алуа Балқыбекова финалда ресейлік Юлия Чумгалакованы жеңсе, Дина Жоламан төрешілер шешімімен венгриялық Сабина Шуцстан басым түсті.

Турнирдің үздік боксшысы атанған Римма Волосенко хорватиялық Сара Берамнан мықтылығын дәлелдеді. Аса ауыр салмақтағы Ләззат Күнгейбаева ресейлік боксшы Александра Дмитриевадан алтынды тартып алды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы