Бокстан әйелдер арасындағы ӘЧ: Елдана Тәліпова – күміс жүлдегер
Қазақстан әйелдер құрамасының боксшысы Елдана Тәліпова Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші орынды иеленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстандық боксшы 81 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғады.
Отандасымыз финалда Қытай спортшысы Чжан Иляньмен жұдырықтасты. Төрешілердің шешімі бойынша Чжан Илянь басым түсті.
Осылайша Қазақстан құрамасы әлем біріншілігінде үш алтын медаль жеңіп алды. Бұған дейін Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (50 келі) және Аида Әбікеева (63 келі) алтыннан алқа тақса, Виктория Графеева (60 келі) екінші, Наталья Богданова (70 келі) үшінші нәтиже көрсеткен болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Нұрлан имам: Біреуді ренжіту – ең үлкен күнә
Келесі жаңалық
Ақтөбеде жолға жауапты мекеменің былығы ашылды
Өзгелердің жаңалығы