Бокстан Әлем кубогы: Нұрбек Мұрсал күміс жүлдегер атанды
Қазақстандық боксшы Нұрбек Мұрсал Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Әлем кубогының ақтық кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Боксшы 70 келіге дейінгі салмақта финалға дейін жетті, – деп жазылған ҚР ҰОК хабарламасында.
Нұрбек шешуші жекпе-жекте үндістандық Хитешпен қолғап түйістірді. Үш раундтың қорытындысы бойынша үндістандық спортшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, Мұрсал Әлем кубогын күміс медальмен аяқтады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда өндірістегі жазатайым жағдайлар саны азайып келеді
Өзгелердің жаңалығы