Бокстан Әлем кубогі: Виктория Графеева жартылай финалға өтті

Отандасымыз Виктория Графеева бокстан елорда төрінде өтіп жатқан Әлем кубогіның ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жерлесіміз 60 келіге дейінгі салмақта Түркия елінің өкілі Гизем Озерға қарсы айқасты.

Бірінші және екінші раунд тең дәрежеде өткенмен, үшінші раундта Виктория қарсыласын бірнеше рет нокдаунға жіберіп, жеңісті жұлып алды.

Осылайша, ол жартылай финалға өтіп, Әлем кубогының қола медалін қамтамасыз етті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин
Өзгелердің жаңалығы