Бокстан Әлем кубогі: Сағындық Тоғамбай жартылай финалына жолдама алды
Қазақстан ерлер құрамасының боксшысы Сағындық Тоғамбай бокстан Астанада өтіп жатқан Әлем кубогының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жерлесіміз 90 келіге дейінгі салмақтың 1/4 финалында америкалық Малакай Джорджеспен қолғап түйістірді.
Тартысқа толы жекпе-жектің бірінші бөлімінде АҚШ өкілі басым түсті. Алайда, қалған екі раундта Сағындық Тоғамбай қарсыласынан айласын асырып, жеңіске жетті.
Осылайша, Сағындық Тоғамбай (90 келіге дейін) кем дегенде Әлем кубогының қола медалін қоржынға салмақ.
Бұған дейін Виктория Графеева бокстан Астанадағы Әлем кубогында екінші жеңісіне қол жеткізгенін жазғанбыз. Сондай-ақ Аида Әбікеева алғашқы жекпе-жегін жеңіспен аяқтады. Ертуған Зейнуллинов та 1/4 финалға шықты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бокстан Әлем кубогі: Ертуған Зейнуллинов 1/4 финалда
Келесі жаңалық
«Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының иегерлері марапатталды
Өзгелердің жаңалығы