Бокстан әлем чемпионы мемлекеттік жаттықтырушы боп тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан 2013 жылғы әлем чемпионы атанған Мерей Ақшалов Қазақстан ұлттық құрамасының мемлекеттік жаттықтырушысы болып тағайындалды. Бұл туралы Бокс федерациясы хабарлады.
ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен 2013 жылғы әлем чемпионы Мерей Ақшалов бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мемлекеттік жаттықтырушысы лауазымына тағайындалды, – делінген хабарламада.
Мерей Төлегенұлы Ақшалов 1988 жылы 8 мамырда Шығыс Қазақстанда дүниеге келген.
Экономика, құқықтану, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша білім алған. Спорттық мансабында бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы, 2013 жылғы әлем және Азия чемпионаттарының алтын жүлде иегері;
Бейжің-2008 Олимпиада ойындарының қатысушысы.
Мерей Ақшалов 2014 жылы денсаулығына байланысты спорттық карьерасын аяқтаған болатын. 2021 жылдың мамырында ол Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ертіс өңірінде «орман тоңазытқышын» құру басталды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы