Бокстан әлем чемпионаты: құрама қоржынына екінші алтын түсті

Қазақстандық боксшы Оразбек Асылқұлов Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанып, Дубайда өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтын медальді салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалдық жекпе-жекте Асылқұлов Тәжікстан өкілі Хусравхон Рахимовты 5:0 есебімен сенімді түрде жеңді.

Оразбек Асылқұлов – 2024 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері.

Бұған дейін IBA аясында өткен бокстан XXIII әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының алғашқы алтын жүлдесін Сәкен Бибосынов жеңіп алған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы