Бокстан әлем чемпионаты: ел қоржынында екі медаль бар
Қазақстандық былғары қолғап шеберлері Ливерпульде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Алғашқы жүлдені ел қоржынына Виктория Графеева (60 келіге дейін) салды. Ол жартылай финалда бразилиялық Ребека Де Лима Сантоспен кездесіп, тартысты жекпе-жекте төрешілердің шешімімен қарсыласына жол берді. Осылайша, Виктория әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Екінші жүлдені қазақстандық Елдана Тәліпова иеленді. Ол 80 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғап, жартылай финалда польшалық Агата Качмарскамен қолғап түйістірді. Жекпе-жек нәтижесінде Тәліпова финалға өте алмады, бірақ қола медальді қоржынға қосты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы