Бокстан әлем чемпионаты: Айбек Оралбай ширек финалға өтті
Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы бокстан әлем чемпионатын сәтті бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
90 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен боксшымыз 1/8 финалда түркиялық Мусахит Илиасты айқын басымдықпен ұтты. Алғашқы раундтан-ақ басымдық танытқан Айбек жекпе-жекті 5:0 есебімен өз пайдасына аяқтап, ширек финалға жолдама алды.
Бұған дейін 75 келі салмақтан өнер көрсеткен боксшы Сабыржан Аққалықов алғашқы жекпе-жегінде қарсыласына есе жіберген болатын. Ол Украина елінің өкілі Павел Ильюшамен қолғап түйістірді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Франция үкіметіне сенімсіздік: премьер-министр отставкаға кетеді
Келесі жаңалық
«Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының иегерлері марапатталды
Өзгелердің жаңалығы