Бокстан әлем чемпионаты. Асланбек Шымбергенов алғашқы жекпе-жегінде жеңді

Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Асланбек Шымбергенов іріктеу кезеңдерінде қарсыласынан басым түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан отандасымыз Тринад және Табога елінің өкілін жарыс жолынан шығарып тастады. Жекпе-жекті айқын басымдықпен өткізген тараздық спортшы бұл сынды маңызды кездесулер алдындағы жақсы дайындық деп бағалады.

Бұған дейін 67 келіде жекпе-жекке шыққан тағы бір отандасымыз Дулат Бекбауов іріктеу кезендерінде румыниялық былғары қолғап шеберінен төрешілер шешімі бойынша басым түскен болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Өзгелердің жаңалығы