Бокстан ӘЧ: Ел қоржынына тағы екі алтын түсті

Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында тағы екі қазақстандық боксшы алтын медальды жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алғашқы болып құрама сапынан Санжарәлі Бегалиев (75 келі) өзбекстандық Джафарбек Шахбазовпен қолғап түйістірді. Жекпе-жек отандасымыздың жеңісімен аяқталды.

Ал Аружан Зейноллаева (81 келі) тағы бір өзбекстандық Рухшона Парпиевамен шаршы алаңға шығып, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Төрехан Сабырхан жастар арасында әлем чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Өзгелердің жаңалығы