Бокстан ӘЧ: Дулат Бекбауов жарысты жеңіспен бастады

Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының 6-шы жарыс күнінде қазақстандық Дулат Бекбауов румыниялық қарсыласын жеңді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз 1/16 финалдағы айқасын ойдағыдай өткізді. Румыния боксшысы Андрей Мустетовті 3 раунд бойынша төпелей ұрған оның қарқыны барған сайын үдей берді.

Төрешілер шешімі бойынша жеңіске жеткен Дулат Бекбауов басымдық танытып қана қоймай, көбірек дəл соққы жасады. Оның 1/8 айналымдағы қарсыласы енді анықталатын болады.

Бұдан бөлек бүгін ұлттық құрама капитаны тараздық Асланбек Шымбергенов 71 келі 10-шы жұпта өнер көрсетеді. Отандасымыз 1/16 финалда Тринидада және Тобаго боксшысы Аарон Принспен өзара мықтыны анықтамақ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Өзгелердің жаңалығы