Боксшы Тоқтарбек Таңатқан қазақтарға алғысын білдірді

Бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатында Қытайдың атынан сынға түсіп, 80 келі салмақта күміс жүлде алған Тоқтарбек Таңатқан қазақ жанкүйерлеріне алғысын білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ  kzsports-қа сілтеме жасап.

Сәлем, қазақ еліндегі жанкүйерлер. Барлықтарыңызға қолдап жатқандарыңызға рақмет. Жүрек басып, сөз қалдырып жатырсыздар. Кейбірін көрдім, кейбірін көре алмадым. Маған «Қазақша білесің бе?» деп сұрап жатыр. Әрине, қазақша білеміз, сөйлейміз. Мен өзім Қытай еліндегі Алтай деген қаладан боламын. Бұл жерде қазақтар көп. Бәріңізге рақмет. Қолдай отырыңыздар. Жақында көрісеміз, – деді боксшы Instagram-дағы Storiеs бөлімінде.

Айта кетейік, әлем чемпионатының финалында алғаш рет қос қазақ өзара жұдырықтасқан еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы