Боксшы қыздар 850 мың доллар сыйақы алатын болды

Биыл 8-16 наурыз аралығында Сербияда өткен әлем чемпионатында IBA жүлдегерлерге қомақты сыйақы табыстаған. Сондай-ақ Қазақстан бокс федерациясы да дәл осындай сомада сыйақы беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нәтижесінде, қазақстандық боксшы қыздарға жалпы 850 мың доллар сыйақы беріледі:

🥇Назым Қызайбай – 200 мың доллар (100 IBA + 100 ҚБФ)

🥇Алуа Балқыбекова – 200 мың доллар (100+100)

🥇Аида Әбікеева – 200 мың доллар (100+100)

🥈Виктория Графеева – 100 мың доллар (50+50)

🥈Елдана Талипова – 100 мың доллар (50+50)

🥉Наталья Богданова – 50 мың доллар (25+25)

Бұған қоса бапкерлер мен дәрігерлерге де федерация тарапынан сыйақы беріледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы