Боксшы Алуа Балқыбекова әлем біріншілігінің финалына шықты

Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова (51 кг) Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жартылай финалда ол Қытай спортшысы Ци Синюмен кездесіп, алғашқы раундта 5:0 есебімен алға шықты. Екінші раундта артықшылығын нығайтып, нокдаунға жіберді және раундты 4:1 есебімен өз пайдасына шешті.

Финалда Балқыбекованы түркиялық Бусе Наз Чакыроглу күтіп тұр. Ол – 2020 және 2024 жылғы Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері, 2022 жылғы әлем чемпионы, сондай-ақ 2019 және 2025 жылғы әлем чемпионаттарының финалисі. Жартылай финалда Чакыроглу Өзбекстан өкілі Фируза Казакованы 4:1 есебімен жеңді.

Алуа Балқыбекова бұған дейін де үлкен жетістіктерге жеткен: биыл наурыз айында IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионатын ұтты, 2022 жылы күміс, 2023 жылы қола медаль алған. Айта кетейік, ЧМ-2025 турнирінде Балқыбекова 50 кг, ал Чакыроглу 52 кг салмақта өнер көрсетіп отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы