Туысын өлтірді деп күдікке ілінген боксшы 2 айға қамалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанайда туысын өлтірді деген күдікке ілінген Аслан Мұқанов екі айға қамалды. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, сот оған қатысты бұлтартпау шарасын қолдану жөнінде шешім шығарды. 

«Қостанай аудандық соты тергеуші, полиция лейтенанты А.В.Рогожинаның Қостанай аудандық прокуроры Р.А.Кәрімов келісімін берген А.Мұқановқа қатысты 2 ай мерзімге қамау туралы өтінімін қанағаттандырды», - деп мәлімдеді сот. 

Бұған дейін, бокстан әлем чемпионы, қазақстандық спортшы Аслан Мұқанов өзінің туысқанын өлтірді деп күдікке ілінгені туралы хабарлағанбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы