Бокс: Төрехан Сабырхан әлем біріншілігінде алтынға таласады
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Төрехан Сабырхан Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Одел Камарамен (Англия) өзара мықтыны анықтады.
Бірінші раунд қарсыластың пайдасына аяқталды. Дегенмен отандасымыз екінші және үшінші кезеңде басымдық танытып, жеңісті суырып алды.
Осылайша, 19 жастағы Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) алғаш рет ересектер арасындағы әлем біріншілігінде финалға өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Дәстүрлі діндер съезі – жаһандық бейбітшілікке бастар жол
Келесі жаңалық
Синоптиктер: Қазақстанда алда күшті аяз күтіледі
Өзгелердің жаңалығы