30 Шілде 2024 2024, 23:16 Фото: Туризм және спорт министрлігі

Бокс: Сәкен Бибосынов ширек финалда бақ сынайды

Боксшымыз Сәкен Бибосынов (51 кг) түрік қарсыласы Самет Гюмюшті айқын басымдықпен ұтып, ширек финалға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Боксшымыз Сәкен Бибосынов (51 кг) түрік қарсыласы Самет Гюмюшті айқын басымдықпен ұтып, ширек финалға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тартысты жекпе-жектің нәтижесі бойынша есеп: 5-0.

Келесі кезеңде Сәкен Хасанбай Дусматов (Өзбекстан) пен Хуанма Лопес де Хесус (Пуэрто-Рико) арасындағы жеңімпазбен күш сынасады.

Айта кетейік, Сәкен Токио Олимпиадасында үздік үштікті түйіндеген. Әлем чемпионы және қола жүлдегері. Ал Самет болса Еуропа ойындарының күміс жүлдегері (2023), Еуропа чемпионы (2024).