Кәсіпқой бокс рейтингінде украиналық қос боксшы алдыңғы үштіктен көрінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кәсіпқой бокстан Р4Р рейтингі жарияланды. Барлық салмақ дәрежелері мен барлық нұсқа бойынша күш сынасып жүрген жуан жұдырықты қоса алғанда, солардың арасынан Василий Ломаченко ең үздік деп танылып отыр.
Жеңіл салмақтағы 32 жастағы Украинаның мақтанышы 2013 жылдың күз айларынан бері кәсіпқой рингте өнер көрсетіп келеді. Сол аралықта 15 кездесу өткізіп, 14 рет жеңіске жетті. 10 қарсыласын нокаутқа жіберді.Екінші орында – Теренс Кроуфорд. Оның да жасы 32-де. Жартылай орта салмақтағы АҚШ боксшысының осы спорт түрін серк еткеніне 12 жылдан асты. 36 кездесу өткізген ол барлығын жеңіспен аяқтап, 27 бәсекеде айқын басымдық танытты.
Үшінші сатыға ауыр салмақтағы Украинаның өкілі Александр Усик жайғасса, төртінші орынды Қазақстанның беткеұстары Геннадий Головкин иеленген. Сондай-ақ, "ТОП-10" боксшының қатарында Сауль Алварес (Мексика), Наоя Иноуэ (Жапония), Мэнни Пакьяо (Филиппин), Эрол Спенс (АҚШ), Майки Гарсия (АҚШ) және Хуан Франсиско (Мексика) қатарлы саңлақтар бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Германия коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізбекші
Келесі жаңалық
Мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Өзгелердің жаңалығы