5 Шілде 2025 2025, 13:19
Фото: Қазақстан Бокс федерациясы
Бокс: Нұрбек Оралбай финалға жолдама алды
Елордада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогінде боксшы Нұрбек Оралбай финалға жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елордада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогінде боксшы Нұрбек Оралбай финалға жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай бүгін 80 келіде жартылай финалға жолдаманы сарапқа салу керек болған.
Алайда оның қарсыласы түркиялық Мерт Айбуга жекпе-жектен бас тартуына байланысты жерлесіміз бірден финалға жолдама алды.
Нұрбек Оралбай финалда Франция елінің өкілімен алтын медальға таласады.