Бокс: бүгін ел құрамасынан кімдер сайысқа түседі

Бүгін, 3 наурызда, бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында жалауын көтеретін халықаралық турнирде ел құрамасынан кімдердің сайысқа түсетіні белгілі болды.

Ел құрамасынан шаршы алаңға ерлер арасында 51 келіде Сәкен Бибосынов гонконгтық Каннет Чун Хим Танмен қолғап түйістіреді.

Ал әйелдер арасында 60 келіде Римма Волосенко гайаналық Хаднас-Сах Тианнамен шаршы алаңға шығады.

Лицензиялық турнирде 2024 жылғы Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынады. Былғары қолғап шеберлері ерлер арасында 28, әйелдер арасында 21 жолдамаға таласады. 

Турнир 3-12 наурыз аралығында өтеді.

Айта кетсек, қазірге дейін ел құрамасынан Азия ойындарында Карина Ибрагимова (57 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) Париж Олимпиадасына жолдама алып үлгерді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚР МСМ
Өзгелердің жаңалығы