Бокс. Бек Нұрмағамбет әлем чемпионатын аяқтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан командасының өкілдері алғашқы жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

86 келіде сынға түскен Бек Нұрмағамбет бірінші кездесуінде бразилиялық Кено Мачадомен кездескен болатын. 

Жекпе-жек толығымен Бразилия боксшысының басымдығымен өтті. Нәтижесінде, төрешілер 5:0 есебімен жеңісті Мачадоға берді. 

Осылайша, Бек әлем чемпионатының алғашқы айналымынан аса алмады. Айта кетелік, Бек Нұрмағамбет 81 келі салмақта 2019 жылғы Азия чемпионы. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы