12 Қараша 2024 2024, 22:18
Фото: -архив
Бокс: Азия чемпионаты Таиландта өтеді
Азия бокс конфедерациясы 2024 жылғы Азия чемпионатының өткізілетін орнын өзгерту туралы ресми мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Азия бокс конфедерациясы 2024 жылғы Азия чемпионатының өткізілетін орнын өзгерту туралы ресми мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметіне сүйенсек, алғашында турнир Иорданияның Амман қаласында өтуі жоспарланған еді. Бірақ ресми мәліметтер бойынша, биылғы жылы чемпионат Таиландтың Чиангмай қаласына өзгертілді.
Жарыс бұрын белгіленген күндерде, яғни 30 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өтеді. Айта кетейік, соңғы рет Таиланд Азия чемпионатын 2019 жылы қабылдаған еді.