Бокс: Алуа Балқыбекова бірінші жекпе-жегін өте сәтті өткізді

Бокстан Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде әлем чемпионатының 2 мәрте жүлдегері Алуа Балқыбекова жаңа 50 келі салмақтағы бірінші жекпе-жегін өте сәтті өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасап.

28 жастағы жерлесіміз Чехияның жас боксшысы Клаудиа Тотовамен кездесіп, 3 раунд бойы айқасты өз бақылауында ұстады. Есеп: 5:0.

Айта кетейік, Алуа Балқыбекова бірінші мәрте Олимпиада жолдамасына таласып жатыр.

Енді жерлесіміз 10 наурыз күні1/8 финалда Оңтүстік Корея немесе Армения спортшыларының қай жеңгенімен жұдырықтасады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Өзгелердің жаңалығы