Бөгет басына күні - түні ас - тамақ тасыдық. Сарайшық ауылының тұрғыны
Назира Хизина, еңбек ардагері, құрметті зейнеткер. Елу жылдан бері Сарайшық ауылында тұратын ол мұндай деңгейдегі алапат тасқын 1993 жылы да болмағанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бірлескен істің арқасында ауылымызды аман сақтап қалдық. Қарапайым ауыл тұрғындарымен бірге, ауыл, аудан әкімдері, сарбаздар, ТЖД мамандары жан аямай жұмыс істеді. Біздер әжелер күні - түні ас ауқат дайындап, бөгет соғып жатқан азаматтарға тасыдық. Бірлесіп атқарған істің арқасында тасқынға бірде-бір үйімізді бермей аман шықтық. Ең бастысы, адам шығыны болған жоқ. Ауылымыз дін аман. Бірлігімізден ажырамай, жұмыла еңбек етсек, қандай қиындықтан да шыға аламыз, - деді Сарайшық ауылының тұрғыны Назира Хизина.
Еске сала кетелік, Атырау облысы бойынша жағалауды нығайту жұмыстарына 17 мыңнан астам әскерилер, Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары, мемлекеттік қызметкерлер мен еріктілер, жергілікті тұрғындар қатысты.
Өңірге су тасқынына қарсы күрес үшін еліміздің әр өңірінен 1800 бірлік арнайы техника келді.
Небары екі айдың ішінде облыста жаңадан 563 шақырым қорғаныс бөгеттері салынды.