Бөген су қоймасының беріктігін арттыру жобасы жасалды

Түркістан облысында Бөген су қоймасының беріктігін арттыру жобасы жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құжат мемлекеттік сараптамаға жіберілді. Қорытындысы шықса, бюджеттен қаржы бөлінуі тиіс. Стратегиялық маңызды нысан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының балансында. Мамандардың айтуынша, «жыл сайын 67 мың гектар егістік алқапты осы су қоймасынан суарады. Сыйымдылығы 370 млн текше метр суға арналған қойма қазір 88 проценке толды. 57 жыл бұрын салынған нысанды жаңғыртпаса, су сыймай қалу қаупі бар», - дейді нысан басшылары.

Бөген су қоймасы соңғы рет 2022 жылы ағымдағы жөндеуден өтті. Қазір күрделі жөндеуді қажет етіп тұр. Бағымызға орай Қаражантақ бөгетіне қауіп төніп тұрған жоқ. Жағдай тұрақты, - дейді Бөген су қоймасының учаске бастығы Бекжан Машрапов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы