"Бөбек" орталығында 550-ден астам бала сауықтырудан тегін өтті

2024 жылдың басынан Оқу-ағарту министрлігінің "Бөбек" Ұлттық білім беру және сауықтыру орталығында көп балалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан, жетім балалар және ерекше білім беруді қажет ететін 550-ден астам бала тегін сауықтырудан өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биыл «Бөбек» орталығында балалардың 5 ауысымы қабылданды, оған еліміздің барлық өңірлерінен балалар келді.

Балаларды тиімді сауықтырудың негізі - медициналық оңалту принциптерін қолдану болып табылады: емдеу-сауықтыру іс-шараларының сабақтастығы, бірізділігі, кешенділігі, қозғалыс белсенділігі, оңалту мен сауықтыруда табиғи факторларды пайдалану, теңгерімді емдеу-профилактикалық тамақтану, психологиялық қолдау. Әр балаға оның жасын, физикалық және психоэмоционалды жағдайын ескере отырып, жеке сауықтыру бағдарламасы жасалады, - дейді "Бөбек" ҰҒПББСО бас директоры Баян Файзуллина.

22 күндік сауықтыру бағдарламасына медициналық тексеру және медициналық бақылау, фитотерапия, сауықтыру массажы, физиотерапия, шунгит терапиясы, тұз шахтасы, бейімделген дене шынықтыру, емдік дене шынықтыру, психологпен сенсорлық бөлмедегі сабақтар, 6 реттік теңдестірілген тамақтану, спорттық іс-шаралар, Алматы қаласына экскурсия және бос уақытын қызықты ұйымдастыру кіреді. Сауықтыру орталығы жыл бойы жұмыс істейді. 

Айта кету керек, емдеу процедуралары мектеп бағдарламасы бойынша оқумен біріктірілген. Сонымен қатар балалардың ой-өрісін кеңейту мақсатында түрлі үйірмелер мен шығармашылық шеберханалар ұйымдастырылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы