21 Наурыз 2025 2025, 03:15
Фото: baq.kz
Bloomberg: Ұлыбритания Киевке көмек көрсетуді жалғастырады
Ресейдің талабына қарамастан, Ұлыбритания үкіметі ықтимал атысты тоқтату мүмкін болған жағдайда да Украинаға қару-жарақ беруді тоқтатпайтынын айтты. Бұл туралы Ұлыбритания премьер-министрі Кира Стармердің баспасөз хатшысы Дэйв Парес хабарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлыбритания үкіметі ықтимал атысты тоқтату мүмкін болған жағдайда да Украинаға қару-жарақ беруді тоқтатпайтынын айтты. Бұл туралы Ұлыбритания премьер-министрі Кира Стармердің баспасөз хатшысы Дэйв Парес хабарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлыбритания Украинаға әскери қолдау көрсетуді жалғастырады, – деді Парес.
Оның айтуынша, Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігі бұрынғы ұстанымын сақтайды.
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин еуропалық елдер қару-жарақ жеткізуді тоқтатса, Ресей бітімге келуге дайын екенін мәлімдеген. Ресей президенті өз ұстанымын 14 наурызда АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффпен кездесуінде айтты.