Блок-бекеттегі апат: Мас жүргізушінің әкесі ұлының жұмыстан шығып кеткенін естімеген
Алматы, BAQ.KZ. Блок-бекетте апат жасап, екі полицейдің өмірін қиған мас жүргізушінің әкесі видео үндеу жасап, ұлының жұмыстан шығып кеткенін естімегенін айтты.
Әлеуметтік желіде күдіктінің әкесі жазған видео үндеу тарады. Онда көзіне жас алған Талғат Мұқышев қайтыс болған полиция қызметкерлерінің туыстарына қайғыра көңіл айтып, ұлын кешіруді сұрады.
Құрметті қазақ елі! Кеше мен ұлым Азат туралы сұхбат беріп едім. Оның әріптестеріне басымды иіп, тағы да көңіл айтамын. Жастардың өмірден кетіп қалғаны артындағы ата-анасына қатты бататынын білемін. Сондықтан елімнен, жерімнен кешірім сұраймын. Баламның коронавиурсқа байланысты демалыссыз жұмыс істеп, өз еркімен жұмыстан кеткенін мен білмедім. Егер білсем кешегідей сөздер айтпас едім. Бірақ өмір талқысы осындай болып тұр. Оның жұмысқа шыдамай кетіп қалғанын енді ғана біліп тұрмын. Ол менен қорықты ма білмеймін, айтпады. Балама қатал тәрбие беруге тырыстым. Қателеспейтін адам болмайды, дегенмен ол жаман адам емес. Халқым, сіздерден кешірім сұраймын, сөге көрмеңіздерші. Сіздер де ата-анасыздар ғой,-деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Саяси қуғын-сүргін құрбандарына әлеуметтік қолдау ретінде 15 млрд-қа жуық теңге төленді
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы