Блок бекетте 2 минут ішінде құжаттарды электронды базадан тексереміз – полиция

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Қоғамдық тәртіпті сақтау мен блок бекеттердегі  атқарылып жатқан жұмыс туралы Нұр-Сұлтан қаласы ПД басшысының орынбасары Айдос Рысбаев онлайн брифингте айтты.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу және жолын кесу бойынша шараларды қабылдауда. Елордалық полицияның жеке құрамы ерекше жұмыс режиміне ауысты. Полиция департаменті 22 наурыз сағат 00.00-де елордаға кіретін және шығатын жолдардың жабылатынын ескертеді. Көлік кептелісін болдырмау үшін қала тұрғындарына алдын ала шаралар қабылдауды өтінеміз, – деді қалалық ПД өкілі.

Ол блок бекеттерде көлік кептелісін тудырмас күшін жүргізушілер мен жолаушылардан құжаттарын алып жүруді сұрады.
Блок бекеттерде полиция қызметкерлеріне көрсету үшін өздеріңізбен міндетті түрде жеке куәліктеріңізді және басқа да құжаттарыңызды алып жүрулеріңізді сұраймыз. Сіздерге мәлім болғандай, қала маңындағы Жібек жолы, Қосшы, Талапкер, Қараөткел, Қоянды кенттерін қоса алғанда барлық бағытта 7 бекет қойылды. Ал жүк автокөлік құралдары үшін транзиттік жүру Нұр-Сұлтан маңындағы айналма автожол бойынша қарастырылған. Карантиннің бірінші күні тыныш өтті. Полиция қызметкерлері 2 минуттың ішінде планшеттердің көмегімен электронды база бойынша тексеру жүргізді, – деп айтты ол атқарылып жатқан жұмыстары туралы. 
Сондай-ақ, Айдос Рысбаев тексеру барысында шыдамдылық пен түсіністік танытқан автокөлік жүргізушілері мен жолаушыларға алғыс білдіріп, енгізілген шаралар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамыз ету үшін қажет екенін айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы