Блок-бекеттен өткен көлік кортежінің иелері жауапкершілікке тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Блок-бекет арқылы өткен  элиталық кортеж оқиғасы туралы ІІМ баспасөз қызметі айтып берді, деп хабарлады Polisia.kz.

Төтенше жағдайды бұзғаны үшін Алматы қаласындағы өткізу пунктінен заңсыз өту фактісі бойынша 5 адам ұсталып, 10-15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барлық төрт элиталық көлік тұраққа қойылған. Автокөліктің тағы екі қатысушысы іздеуде, - деді баспасөз қызметі өкілдері. 

Осы фактіге жол берген және оларды болдырмау шараларын қолданбаған полиция қызметкерлерге тәртіптік жаза тағайындалған. Сонымен қатар, Криминалдық полиция бөлімінің бастығы З.Зиадин, патрульдік полиция полкі командирінің орынбасары Е.Қуанышбаев қызметінен босатылды. 21 сәуірде онлайн бейне конференцияда аймақтық бөлімшелер басшыларымен болған кездесуде ішкі істер министрі бұл факт бойынша өзінің ұстанымдарын білдірді.
Заңның үстемдігі мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету құқық қорғау органдары қызметкерлерінің басты міндеті болып қала бермек. Төтенше жағдайды және карантинді бұзуға, әсіресе жеке құрамдағы қызметкерлерге жол берілмейді. Мұны қарапайым жұмысшылар да, олардың басшылары да есте ұстауы керек, - деді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы